Canelo - Mbilli турнирінің толық карды жарияланды: Бек Нұрмағанбет те жұдырықтасады

31 қазанда Эр-Риядта «Mexico vs The World» турнирі өтеді. Кеш бағдарламасына он жекпе-жек енгізілген, оның төртеуінде толыққанды әлем чемпиондық титулдары сарапқа салынады.
Чемпиондық жекпе-жектер:
- Saul Canelo Alvarez - Christian Mbilli — WBC титулы;
- Jaime Munguia - Nikita Zon — WBA титулы;
- Rafael Espinoza - Lorenzo Parra — WBO титулы;
- Lindolfo Delgado - Arthur Biyarslanov — бос тұрған IBF титулы.
Қалған жекпе-жектер:
- David Picasso — Carl Jammes Martin;
- Reito Tsutsumi — Raymundo Rojas;
- Sultan Almohammed — Erick Villegas;
- Bek Nurmaganbet — Marcos Vazquez;
- Carlos Rojo — Flavius Biea;
- Brayan Leon — Hector Aguirre.
Нұрмағанбет жекпе-жекке 16-0-0, 14 КО көрсеткішімен шығады. Оның мексикалық қарсыласының рекорды — 21-3-1, 10 КО. Турнирді DAZN арнасы pay-per-view ақылы трансляция жүйесі арқылы тікелей көрсетеді.
Дереккөз: WBC ұйымының ресми хабарламасы.
Мақаладағы жекпе-жек
Canelo vs Mbilli31.10.2026 · Riyadh, Saudi Arabia








